Әділбек Жақсыбеков: «Өткеніме көз жүгіртсем, қателіктің болмағанын көремін»

Әділбек Жақсыбеков: «Өткеніме көз жүгіртсем, қателіктің болмағанын көремін»

Қазақстан футбол федерациясының Президенті Әділбек Жақсыбеков отандық спорт журналистерімен кездесіп, сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Еркін әңгіме жүзінде өткен сұхбат барысында Федерация басшысы БАҚ өкілдерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді. Әңгімені Әділбек Рыскелдіұлының өзі бастады.

— Сіздердің мақалаларыңызға әрдайым құлақ түруге тырыстым. Қалай болса да, бұл мақалаларыңыз отандық футболымыздың дамуына септігін тигізіп жатты. Енді 23 желтоқсан күні Астанада Кезектен тыс конференция өтуі тиіс. Мен Атқару комитетіне өзімді қызметімнен босатулары жөнінде өтіндім. Өздеріңіз білесіздер, футбол менің қоғамдық жұмысым. Соған байланысты, тиісті дәрежеде көңіл бөле алмайтын едім. Ал осы қызметке сайланған кезімде Қазақстан футболы қиын-қыстау кезеңде тұрған болатын. Сол кезде басты мақсаттарымның бірі - ел футболындағы келеңсіздіктерді жою болатын. Әлбетте, Федерацияның жұмыстарына қолғабыс көрсетуге тырысатынмын, дегенмен жалпы айтқанда барлық жұмыстарды осы қызметке толығымен берілген вице-президенттер атқарып отырды. Өз басыма келер болсақ, кейде мені тіпті негізгі қызметімнен гөрі футболдағы жұмыстарым үшін көбірек сынайтын. Иә, түсінемін, футбол деген әр адам өзін сарапшы, эксперт санайтын спорт түрі. Бір жағынан бұл жақсы да шығар. Пікір алуандық неғұрлым көбірек болады. Ал қазір футбол үлкен индустрияға айналды және мұндағы жұмыс басқа спорт түрлеріндегі жұмыстарға мүлдем ұқсамайды. Орасан қаржы айналымы, құрылым, маркетинг, жанкүйерлердің қызығушылығы, кадр дайындау - бұл үлкен жұмыстар мен бақылауды қажет етеді. ФИФА және УЕФА қауымдастықтарымен ынтымақтастықты күшейту тағы бар. Қазірдің өзінде біз Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы сынды турнирлердің финалдарын ұйымдастыруға үміттенетіндей дәрежеге жеттік. 2017 жылы УЕФА Суперкубогын Астанада өткізу туралы алдын-ала келісімге қол жеткізіп те қойдық. УЕФА Конгрессін өткізгенімізден кейін бізге деген көзқарас та жақсы жағына қарай түбегейлі өзгерді. 2026 жылғы әлем чемпионатын Қазақстанда өткізуге өтініш беру жағын да қарастырып жатырмыз. Бұйыртса, 2019 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатын да өткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Сондықтан, тыңғылықты жұмыс пен қатаң қадағалаушылықты талап ететін шаруалар көп. Өздеріңіз білесіздер, футболға аса көп көңіл бөле алмай кеттім. Қазір енді аймақтың дәрежедегі қызметке кіріскендігімнен өзімде де Федерация жұмысына байланысты қарама-қайшы пікірлер болуы мүмкін. Онсыз да "Астана" жайлы әңгімелер көп. "Елордалық командаға көмектесіп жатыр" деушілер  жеткілікті. Алайда, биыл "Астана" чемпиондыққа лайық футбол көрсетті дер едім. Біз "Астана" Президенттік кәсіпқой спорт клубымен келісіп қойдық. Қала әкімдігі клуб құрылтайшыларының бірі болады. Елордамызда халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғайтын клубтың болуын қамтамасыз етуге барымды саламын. Жалпы, ел чемпионаты соңғы кезде күшейген. Бәсекелестік зор. Қай команданың чемпион болатыны соңына дейін белгісіз болып келді.

— Қазақстан футбол федерациясында Сіздің орныңызды Ерлан Қожағапановтың басатыны белгілі болды. Оның ҚФФ-ке келуіне сіздің қатысыңыз бар ма?

— Шынын айтсам, оны өзім ұсындым. Ерлан Қожағапановтың әкімшілік жұмыстардағы тәжірибесі зор, спортты жақсы біледі, заманауи көзқарастағы адам, қазір бос және футболға бар ынтасымен кірісуге дайын. Жаңа басшы жаңа көзқараспен келеді.

kff.kz сайтының ақпараты бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или