«Қайрат» «Маккабиден» айласын асыра алмады
Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында «Қайрат» Израильге қонаққа барды.
Матчтағы есепті алаң қожайындары ашты. 31-ші минутта Ашкенази «Қайраттың» қақпасын дәл көздеді. Бірінші таймның соңында тәжірибелі шабуылшы Вагнер Лав таразы басын теңестірген, алайда бұған артыққа шамалары жетпеді.
72-ші минутта «Маккаби» ойыншысы Рукавица гол соғып, командасына жеңісті әперді. Осылайша қазақстандық соңғы ұжым еурододадан шығып қалды.
Еуропа лигасы. Екінші іріктеу кезеңі
«Маккаби» (Израиль) – «Қайрат» (Қазақстан) 2:1
Голдар: Ашкенази, Лав, Рукавица
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или