«Қайсар» – АПОЭЛ: Бірінші таймда үш гол соғылды

«Қайсар» – АПОЭЛ: Бірінші таймда үш гол соғылды

Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында «Қайсар» – АПОЭЛ матчы өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Шымкентте өтіп жатқан кездесудің алғашқы таймы 1:2 есебімен аяқталды. 

Есепті алғаш болып қазақстандық команда ашқан. Асхат Тағыбергеннің алыстан жасаған жойқын соққысын қарсылас қақпашысы дұрыс қайтара алмады. Кейін серпілген допқа бірінші болып жеткен Лобжанидзе еш қиындықсыз гол соққан. Бұл ойынның 6-минуты болатын.

Бірақ кипрлік тәжірибелі команда айылын жиған жоқ. Қатарынан екі гол соғып, есепте алға шықты. Қонақтар сапынан 

«Қайсар» - АПОЭЛ - 1:2

Гол соққандар: 6’ Лобжанидзе - 16’ Де Винченти, 26’ Тухами 

«Қайсар» – Заруцкий, Әмірсеитов, Граф, Марочкин, Қаиров, Битанг, Нәрзілдаев, Тағыберген, Федин, Лобжанидзе, Колев

АПОЭЛ – Мигел Силва, Уилер, Рафаэл Сантос, Схелис, Нсуэ, Де Винсенти, Тухами, Захид, Ндонгаля, Сахар, Клонаридис.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или