ФИФА рейтингісі: Қазақстан құрамасы өз орнын сақтап қалды

ФИФА рейтингісі: Қазақстан құрамасы өз орнын сақтап қалды
Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингісін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Кезекті рейтингте Қазақстан ерлер құрамасы 118-орынды (1156 ұпай) сақтап қалды.

Әлем құрамалары арасында Бельгия футболшылары көш бастап тұр (1773 ұпай). Ал екінші, үшінші орындарға Франция (1744 ұпай) мен Бразилия (1712 ұпай) жайғасқан.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы осы айда екі матч өткізді. Алдымен 4 қыркүйекте сырт алаңда Литваны жеңді (0:2). Бірақ үш күннен кейін Алматыда Беларусь футболшыларынан жеңілді (1:2).

ФИФА рейтингісі:

1 (1). Бельгия — 1773 очка
2 (2). Франция — 1744
3 (3). Бразилия — 1712
4 (4). Англия — 1664
5 (7). Португалия — 1653
6 (5). Уругвай — 1645
7 (8). Испания — 1642
8 (6). Хорватия — 1628
9 (9). Аргентина — 1623
10 (10). Колумбия — 1622

...118 (118). Қазақстан - 1156.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или