«Қайсар» - АПОЭЛ және «Астана» - «Будучность» матчтарының тікелей трансляциясы

«Қайсар» - АПОЭЛ және «Астана» - «Будучность»  матчтарының тікелей трансляциясы

Бүгін кешке қазақстандық клубтар Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі матчтарын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қызылордалық «Қайсар» Шымкентте Кипрдің АПОЭЛ командасымен ойнайды. Никосиялық клуб Қазақстанға жиі келетін командалардың бірі. Бұған дейін АПОЭЛ-дің «Астанамен» үш рет жолы түйіскен. Кипрліктермен текетіресте астаналықтар басым болып тұр. 

«Қайсар» қайтпек? Бұл сұраққа жауапты кешке табамыз.

«Қайсар» - АПОЭЛ матчының тікелей эфирі Нұр-Сұлтан уақытымен 17:50-де басталады.

Ал «Астана» Алматыдағы Орталық стадионында Монтенегроның «Будучность» командасын қабылдайды. Екі клуб та Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің бірінші турында жеңіліп қалды және Еуропа лигасында өз бақ сынайды. Өткен маусымда да астаналықтар осындай жағдайға тап болған және Еуропа лигасының топтық кезеңіне шыға білді. Қазақстан чемпиондары өз елінде ойнайды, бұл келесі кезеңге жолдама ұтып алуға жақсы мүмкіндік бермек.

«Астана» - «Будучность» матчының тікелей эфирі Қазақстан астанасы уақытымен 19:55-те басталады.

Екі матчты да Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді Ойындарды мына СІЛТЕМЕГЕ өтіп тамашалауға болады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или