Руслан Тахирұлы, туған күніңізбен!
16 қыркүйек күні Талдықорғандық клубтың жетекшілерінің бірі өзінің 42 жасын тойлайды.
Руслан Балтиев - Қазақстан футболының нағыз аңызы, ел тарихындағы ең үздік ойыншылардың бірі. Әлі күнге дейін Руслан Тахирұлы ұлттық құраманың үздік сұрмергені болып табылады, ол 73 матчта 13 гол соққан.
</picture>Балтиев төрт рет Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды, ел кубогы мен Интертото кубогының иегері болды. Ол мансабында барысында бүкіл отандық жетекші клубтардың түстерін қорғады, сондай-ақ ресейлік командаларда да ойнады.
Руслан Тахирұлы мансабың аяқтағаннаң кейін УЕФА-ның «А» санатындағы жаттықтырушы лицензиясын алды, бірақ, ең алдымен, өзін менеджер рөлінде керемет көрсетті. 2017 жылы Балтиев «Жетісу» спорт директоры лауазымына тағайындалып, төртінші жыл өз жұмысын атқарып келеді.
</picture>Жетісулықтардың тату ұжымы Руслан Балтиевті туған күнімен шын жүректен құттықтай отырып оған барлық бағыттарда жеңістер тілейді!