Қуаттың командасында бас бапкер ауысуы мүмкін

Қуаттың командасында бас бапкер ауысуы мүмкін

«Чемпионат» порталының хабарлауынша, «Химки» бас бапкер рөліне Николай Писаревтің кандидатурасын қарастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мәскеу облысының клубы осы маусымның 7 турынан кейін небәрі 3 ұпай жинап, РПЛ турнир кестесінде 15-орында тұр. Осы нәтижелерге байланысты Дмитрий Гунько бапкер қызметінен босатылуы мүмкін.

Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдарында Гуньконың жақын арада отставкаға кетуі туралы жаңалықтар пайда болды. Бірақ Мәскеу облысының дене шынықтыру және спорт министрі Роман Трюшков шешім арнайы жиналыста қабылданатындығын мәлімдеді.

Айта кетейік, қазақстандық футболшы Исламбек Қуат жақында «Химки» қатарына қосылып, чемпионатта бір ойын өткізіп үлгерді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или