Александр Меркель: Жаңа ел, жаңа белес

Александр Меркель: Жаңа ел, жаңа белес

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Александр Меркель Сауд Арабиясының «Әл Фейсали» клубына ауысқан соң пікір білдірді.

– «Әл Фейсалиге» ауысқаныма қуаныштымын. Жаңа ел, жаңа белес. Асыға күтемін, – деп жазды футболшы Twitter-парақшасында.

Азиялық команданың ресми сайты келісімшарт екі жылға жасалғанын хабарлады. Бірақ келісімнің басқа шарттары айтылмаған. 

Еске салайық, Меркель голландиялық «Херенвенмен» келісімшарты біткен соң, еркін агент атанған болатын. Қазақстандық футболшы жазда «Сочимен» келісе алмаған. «Астанаға» ауысуы мүмкін деген де ақпарат тараған еді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или