Бірінші лига: «Алтай» Шымкентке келді
«Алтай» футбол клубы Бірінші лига матчтарына қатысу үшін Шымкентке келді.
«Алтай» 1 конференцияда бақ сынайды. 15 қыркүйекте өтетін бірінші турда олар «Арыс» командасымен кездеседі. Матч елорда уақытымен 11:00-де басталады.
Сондай-ақ, команда «Adidas» компаниясы ұсынған жаңа формасын таныстырды.
Айта кетейік, Бірінші лиганың биылғы маусымы ертең, 15 қыркүйекте басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или