Қазақстандық футболшының командасы Германия кубогындағы жорығын сәтті бастады

Қазақстандық футболшының командасы Германия кубогындағы жорығын сәтті бастады

Қазақстандық қорғаушы Константин Энгель намысын қорғайтын «Оснабрюк» командасы Германия кубогының 1/32 финалында «Тодесфельдені» ұтты. 

<span>Себастьян Клаас 77-минутта соққан голдың арқасында «Оснабрюк» келесі кезеңге жолдама алды. Энгель қосалқы құрамда қалды. </span>

<span>Энгельдің командасы келесі матчта Екінші бундеслиганың бірінші туры аясында «Гройтер Фюрт» командасымен кездеседі. </span>

<span>Еске салайық, Энгель 2012-2015 жылдар аралығында Қазақстан құрамасы жейдесінде 11 матч өткізді. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или