«Қайрат» ҚПЛ-да қарсыластарынан қара үзді

«Қайрат» ҚПЛ-да қарсыластарынан қара үзді

Алматының «Қайраты» Қазақстан Премьер-лигасының 8-турында қызылордалық «Қайсарды»  жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шпилевский жаттықтыратын команда бүгінгі жеңістің арқасында қарсыластарынан оқ бойы озық тұр. Турнирлік кестеге көз жүгіртер болсақ, алматылықтар 21 ұпай жинаған. Екінші орындағы «Астанада» 14 ұпай бар, дегенмен олардың 1 ойыны кем екенін де айта кету керек. Кестенің үшінші орнына жайғасқан қостанайлық «Тобыл» 13 ұпай жинаған.

«Қайрат» соғылған голдар саны бойынша да әлдеқайда алда тұр. Алматылықтар қарсыластарының қақпасына 21 гол соғып, өз қақпаларына 5 гол жіберіп алған.

Бүгінгі матчта «Қайсар» ойыншысы Элгуджа Лобжанидзе бірінші есеп ашты. Алаң иелері тек 72-минутта ғана есепті теңестіре алды. Гол авторы - Айбол Әбікен. Ал араға 20 алып, қосымша уақытта Адеринсола Эсеола командасына жеңіс сыйлады

Қазақстан чемпионаты. 8-тур.

 «Қайрат» – «Қайсар» - 1:1 (1:0)

Гол cоққандар: Әбікен 72, Адеринсола, 90+2 - Лобжанидзе 44

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или