ҚПЛ: 8-тур ойындарының тікелей трансляциясы

ҚПЛ: 8-тур ойындарының тікелей трансляциясы

Бүгін, футболдан 2020 жылғы маусымдағы Қазақстан чемпионатының 8-туры аясында Алматы алаңдарында үш ойын өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ел чемпионы «Астана» шымкенттік «Ордабасымен» ойнайды. Командаларды турнир кестесінде 4 позиция бөліп тұр, бірақ ұпай саны бойынша оңтүстікқазақстандықтар тек 1 ұпайға қалып келеді. Соңғы үш ойында «Ордабасы» «Қайраттан» жеңіліп (1:3), Каспийді (1:0) және «Жетісуды» (3:2) жеңді. «Астана» «Оқжетпесті» (2:0) ұтты, «Таразбен» (1:1) тең түсті және «Тобылға» (0:2) есе жіберді.

Алты ойыннан кейін еншісінде 10 ұпайы бар «Тобыл» «Қызыл-Жармен» кездеседі. Петропавл қаласының командасы 9-орынға жайғасқан. «Қызыл-Жар» бесінші орындағы қостанайлықтардан үш ұпай ғана қалып келеді. 

Көш басындағы «Қайрат» басты қуғыншы «Қайсармен» матч өткізеді. «Қасқырлар» бүгінге дейін 13 ұпай еншілеген. Бір матчқа артық өткізген «Қайраттан» бес ұпайы кем. 

Үш ойынды да QazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. «Ордабасы» - «Астана» ойыны Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 15:00-де басталады. «Тобыл» - «Қызыл-Жар» кездесуінің басталуы - 17:00. «Қайрат» пен «Қайсар» ойыны 20:00-де басталады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или