Қазақстандық футболшы Тимур Рудосельский Армения чемпионатындағы алғашқы голын соқты

Қазақстандық футболшы Тимур Рудосельский Армения чемпионатындағы алғашқы голын соқты

Қазақстандық футболшы Тимур Рудосельский армениялық «Лори» командасы сапындағы алғашқы ойынын өткізді, оған қоса гол да соқты, деп жазады Prosports.kz. 

25 жастағы «Қайраттың» түлегі Армения чемпионы «Арарат-Армения» командасына қарсы матчтың 41-минутында есеп ашты. Ойын қорытындысы бойынша Тимурдың командасы 2:1 есебімен жеңіске жетті. 

<span>Айта кетейік, өткен маусымды Рудосельский «Оқжетпес» сапында өткізіп, Қазақстан біріншілігінің 11 матчына қатысып, бір гол соққан. </span> 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или