Еуропа лигасы. Екінші тур матчтарының уақыты белгілі

Еуропа лигасы. Екінші тур матчтарының уақыты белгілі

Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде бақ сынайтын үш қазақстандық клубтың қатысуымен өтетін матчтардың уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

17 қыркүйек күні өтетін екінші кезеңде «Астана», «Қайрат» және «Қайсар» командалары ойнайды.

«Қайсар» 18:00-де Шымкентте Кипрдің АПОЭЛ командасын қабылдаса, 20:00-де Алматыда «Астана» – «Будучность» (Подгорица, Черногория) матчы басталады. Ал Израильде өтетін «Маккаби» мен «Қайрат» арасындағы матч 23:00-де бастады.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясының салдарынан Еуропа лигасының іріктеу кезеңі тек бір ғана матчтан тұрады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или