Jetisy FK

«Жетісу» - «Оқжетпес»: қарсыластық тарихы

«Жетісу» - «Оқжетпес»: қарсыластық тарихы
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан чемпионатының 8-тур матчы қарсаңында «Жетісу» ФК ресми блогы Талдықорғандық және Көкшетаулық клубтар арасындағы қарым-қатынас статистикасын еске түсіреді.

Жуырдағы ойын олардың тарихындағы 38-ші кездесу болады. Алдыңғы 37 ойында әр команда 14 рет жеңіске жетті, тағы тоғыз жағдайда тең нәтиже тіркелді.

Ең ірі жеңістер - төрт доп басымдығымен тіркелген, сәйкесінше 5:1 және 4:0. Көкшетаулық ұжымда соғылған және жіберіп алған голдар арасында аздаған басымдылық бар - 40:38.

2019 жылғы маусымда «Жетісу» «Оқжетпеске» қарсы мүмкін тоғыз ұпайдың жетеуін алды - екі жеңіс және бір тең ойын.

Естеріңізге сала кетейік, «Жетісу» - «Оқжетпес» командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 8-тур ойыны 11 қыркүйек, жұма күні Талғардағы ҚФФ командаларының оқу-жаттығу базасының алаңында өтеді. Кездесу елорда уақытымен 16:00-де басталады.

«Жетісу» үшін бірге жанкүйер болайық!

«Жетісу» ФК барлық қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтайды!

«Жетісу» «Қызыл-Жарды» жеңіп, сәтсіз сериясың тоқтатты

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
0
Пікірлер