«Баршаңызға рахмет!» Роналду тарихи жетістігі үшін командасына алғыс айтты

«Баршаңызға рахмет!» Роналду тарихи жетістігі  үшін командасына алғыс айтты

«Ювентус» пен Португалия шабуылшысы Криштиану Роналду оның ұлттық құрамадағы 100-ші голы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Осы тарихи межеге жетуіме көмектескен барлық әріптестеріме, жаттықтырушыларыма және ұлттық құраманың қызметкерлеріне рахмет», - деп жазды Роналду өзінің Instagram-парақшасында.

Бір күн бұрын, 8 қыркүйекте, Ұлттар Лигасы топтық кезеңінің 2-тур матчында 35 жастағы шабуылшы Швеция қақпасына екі гол соғып, командасына жеңіс әкелді (2:0). Осы голдарының арқасында Криштиану тарихта осындай жетістікке жеткен екінші ойыншы болды. Ұлттық құраманың алғашқы жүз голын кәсіби мансабын аяқтаған ирандық ойыншы Али Даеи соқты. Оның есебінде 109 гол.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или