«Қайрат» ойыншысы мәскеулік «Спартакқа» ауысу мүмкіндігін айтты
Алматылық «Қайрат» ойыншысы Вагнер Лав мәскеулік «Спартакқа» ешқашан ауыспайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Маған «Спартактан» ешқашан ұсыныс түскен емес. ЦСКА жанкүйерлері үшін мен «Спартак» жейдесін мүлде кимейтін едім деп ойлаймын. Егер мен Ресейге оралсам, «Спартак» емес, басқа командаларға барар едім, бірақ менің қалауым тек ЦСКА», - деді Вагнер Лав блогер Евгений Савиннің YouTube арнасына берген сұхбатында.
36 жастағы Вагнер Лав 2004 жылдан 2012 жылға дейін және 2013 жылы ЦСКА құрамында ойнады. Армияшылар сапында үш рет Ресей чемпионы болды, алты дүркін Ресей кубогын иеленіп, сонымен қатар бір мәрте УЕФА кубогын жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или