ҚПЛ. Тамыз айының үздік голы анықталды
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы футболдан Қазақстан Чемпионатының тамыз айының үздік голын анықтау мақсатымен футбол сүйер қауым және жанкүйерлер арасында арнайы сауалнама өткізді.
Сауалнама ҚКФЛ Вконтакте әлеуметтік желісінің ресми тобында ұйымдастырылды. Аталмыш шараға барлығы 1 183 адам қатысты.
Сауалнама қорытындысы бойынша бірінші орынды футболдан Қазақстан Чемпионатының «Қайсар» – «Тобыл» (7-тур) кездесуінде соғылған Асхат Тағыбергеннің голы атанды. Қызылордалық команданың жартылай қорғаушысының тамаша соққысы 808 (68, 3 %) сауалнамаға қатысушының көңілінен шықты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или