«Манчестер Сити» ойыншысы «Барселонаға» ауысады
«Манчестер Сити» футбол клубының қорғаушысы Эрик Гарсия мансабын «Барселона» сапында жалғасыруы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.
Каталониялық клуб 19 жастағы ойыншы үшін 10 млн еуро ұсынып отыр. Бірақ бұл манчестерлік клубтың ойындағы бағадан әлдеқайда төмен.
Испаниялық жас қорғаушының трансферлік нарықтағы бағасы 40 млн еуро мөлшерінде. Бірақ оның «Манчестер Ситимен» келісімшарты келесі жылы аяқтайды. Демек, бір жылдан кейін ол клубтан еркін агент ретінде кетіп қалуы мүмкін. Сол үшін оны биыл жазда лайықты бағада сатып жіберген жөн. «Барселона» сол үшін де оған тым төмен баға ұсынып отыр.
Айта кетейік, Эрик Гарсия <span>2017 жылы «Барселонадан» кетіп, «Манчестер Сити» жейдесін киген болатын. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или