Соңғы минуттағы жеңіс. Израиль - Қазақстан матчына бейнешолу

Соңғы минуттағы жеңіс. Израиль - Қазақстан матчына бейнешолу

2021 жылы өтетін жастар арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Қазақстан сырт алаңда Израильмен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Бес күн бұрын өз алаңында Черногрия құрамасынан 0:4 есебімен ұтылған қалған жастарамыз, бұл жолы Израильден 2:1 есебімен басым түсті. Бірінші тайм аяқталар тұста Эльхан Астанов есеп ашты. Алаң қожайындары 91-минутта қарымта шабуылда таразы басын теңестірген. Дегенмен, Алмас Құлшынбаев шәкірттері қайсар мінез көрсетіп, 94-минутта жеңісті жұлып алды. Оралхан Өміртаев айып алаңға кіре берер тұста алыс бұрыша айналдыра соққы бағыттап, доп торда топ еткізді. Қорытынды есеп - 1:2. 

Қазақстан осы жеңісінен кейін 10 ұпай жинап, топта екінші орынға көтерлді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или