«Жұмыс көбейді, ақша азайды». «Қайраттың» бұрынғы футболшысы жаңа қызметі жайлы
Алматылық «Қайраттың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин «Maтч-TВ» телеарнасынадағы «Спорттан кейінгі өмір» бағдарламасының эфирінде Санкт-Петербургтің «Зенит» спорттық ойындары бойынша жасөспірімдер футболын дамыту департаментінің директоры ретіндегі еңбек жағдайлары туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«1 тамыздан кейін мен өмірім неден тұрады деп көп нәрсені ойға түйіп жүрмін. Екі жыл бұрын мен ештеңе жасағым келмейтінін және көп ақша тапқым келетінін айттым. Орындалды ма? Жоқ. Қазір жұмыс көбейді, ақша азайды», - деп Аршавин қазіргі өмірін сипаттайды.
Естеріңізге сала кетейік, Ресей құрамасының экс-капитаны Андрей Аршавин өзінің футболшы мансабында 2016 жылдан 2018 жылға дейін ойнаған алматылық «Қайратта» аяқтады. Қазақстандық клубтың құрамында ол 84 матч өткізіп, 24 гол соқты.