«Манчестер Ситидің» екі ойыншысы коронавирус жұқтырды

«Манчестер Ситидің» екі ойыншысы коронавирус жұқтырды

«Манчестер Сити» футбол клубының екі ойыншысы коронавирус жұқтырды, деп жазады Prosports.kz.

Манчестерлік клубтың хабарлауынша, Рияд Махрез бен Эмерик Ляпорттың коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен. Аталған ойыншылар оқшауланды.

Бұл ақпаратты Ляпорт пен Махрездің өздері де растады. 

Айта кетейік, Англия Премьер-лиганың жаңа маусымы қыркүйек айында басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или