Еуропаның ТОР 5 чемпионаты қашан басталады
Биыл әлемдегі спорт маусымы күтпеген оқиғаларға толы болды. Әсіресе футбол шаруашылығы. Әр елдің ұлттық чемпионаттары маусымды әупірімдеп аяқтағаны сол екен, еурокубоктар маусымы қайта басталып та кетті. Prosports.kz тілшісі Еуропаның ТОР 5 чемпионатындағы жағдайды саралап көрген.
Әлқисса, ең алдымен трансферлік кезең жайлы жазып көрейік. Жалпы алғанда, пандемия әдеттегі футбол кестесін мүлде өзгертіп жіберді. Чемпионаттар мен еурокубоктар ғана емес, сондай-ақ трансферлік кезеңнің де уақыты ауысып кетті. Әдетте жаздың соңына дейін жалғасатын ойыншыларды сатып алу мен сату қыркүйек келсе де әлі тоқтаған жоқ. Ол ол ма, УЕФА барлық клубқа трансферді 5 қазанға дейін жасауға мүмкіндік беріп отыр.
Ағылшын Премьер-лигасында трансферлер тек ел ішінде ғана жасалады. Қосымша күндерімен санағанда ауысым кезеңі 16 қазанға дейін созылмақ.
Бундеслигада 15 шілдеде басталған науқан 5 қазанда бітеді. Ла Лигада 4 тамыз, А сериясында 1 қыркүйекте басталды. Ал Францияның 1-лигасында екі кезең болды, алғашқысы 8-9 шілде, кейінгісі 15 тамыздан 5 қазанға дейін болады.
</picture>Ағылшын Премьер-лигасы
Енді, әңгіменің төркініне көшейік. Бюджеті, жанкүйерлері және басқа да критерилері жағынан алдыңғы орында тұрған АПЛ 12 қыркүйекте басталады. Мұндағы басты жаңалық – клубтардың 1 матчта 5 ойыншы алмастыруға болады деген қағидаға қарсы шығуы. Оны 20 команданың жетеуі ғана қолдады. Негізінен ТОР клубтар қарсы болған.
Ал чемпионатты 12 қыркүйек күні 17.30-да «Фулхэм» мен «Арсенал» командалары бастайды.
</picture>Испания Примерасы
Испания чемпионаты, яғни Примера да 12 қыркүйек басталады деп жоспарланған. Ла Лиганың «жыры» Месси мен «Барселона» клубының текетіресімен басталып, күллі әлем назарын Испанияға тігіп қойды. Тағы бір маңызды ақпарат, «Барселона» мен «Реал», «Атлетико» мен «Севильяның» еурокуоктарға қатысуы себепті, оларға 1-турда демалыс берілді.
</picture>Италияның А сериясы
Ал италиялық А сериясы 19 қыркүйекте басталады, дегенмен чмпионат кестесі әлі де дайын емес. А сериясы басшылығы екінші қыркүйекте дайын болады деп уәде беріп отыр.
</picture>Неміс Бундеслигасы
Бундеслига 19 қыркүйек күні басталады. «Бавария» қанша жерден еурокубок жеңімпазы атанса да, чемпионатты уақытында бастайды. Мюнхендіктер бірінші турда «Шалькемен» кездеспек.
</picture>Францияның Бірінші лигасы
Францияның Бірінші лигасы 21 қыркүйек басталды. Оған 2019-20 маусымының мерзімінен бұрын аяқталуы себеп болып отыр.
Аталған чемпионаттардың фавориттері де жылдағы клубтар саналады.
Тағы бір маңызды мәселе, стадионға жанкүйерлердің кіргізілмеуінен көптеген клубтар ірі көлемде шығынға ұшырауы мүмкін. Мәселен осы проблема кесірінен АПЛ 600 миллион еуро жоғалтуы ғажап емес.