Қазақстан - Беларусь: «Аль-Айн» Бауыржан Исламханға сәттілік тіледі
«Аль-Айн» футбол клубы (БАӘ) Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламханға УЕФА Ұлттар лигасы аясында өтетін Беларуське қарсы ойын алдында сәттілік тіледі, деп жазады Prosports.kz.
Клубтың инстаграм желісіндегі ресми парақшасында Исламханға сәттілік тілеген жазба жарияланды.
«Біз УЕФА Ұлттар лигасы аясындаға Қазақстан - Беларусь матчында «Аль-Айн» жұлдызы Бауыржан Исламханға сәттілік тілейміз», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Бауыржан Исламхан 2020 жылдың қаңтар айының соңынан бастап «Аль-Айн» клубында өнер көрсетіп жүр.
Қазақстан - Беларусь кездесуі 7 қыркүйекте Алматыда өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или