Қазақстан құрамасының ойыншысы Ресей чемпионатында гол соқты

Қазақстан құрамасының ойыншысы Ресей чемпионатында гол соқты

Ресей чемпионатының сегізінші туры аясында мәскеулік ЦСКА сырт алаңда «Краснодармен» кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Матч 2:1 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Бұл ойында Қазақстан қыздар құрамасының қорғаушысы Юлия Мясникова өнер көрсетті.

Есепті қазақстандық футболшы ашты. Ойынның 45-минутына Мясникова Ресей чемпиондарын алға шығарды. 61-минутта Юлияның командасы есепті еселеді. Надежда Смирнова пенальтиден гол соқты. Алаң иелері 86-минутта бір гол соғып, есеп айырмасын қысқартты.

Осылайша, ЦСКА осы маусымда екі мәрте тең түсіп, алты ойында жеңіске жетті. Сегіз турдан кейін 20 ұпай жинап, турнирлік кестеде көш бастап тұр. Екінші орында тұрған «Локомотивтен» төрт ұпайға озып кетті.

Айта кетейік, Мясникова ЦСКА-ға 2019 жылы сәуір айында ауысқан. Бір мәрте Ресей чемпионы атанды. Бұған дейін Қарағанды ​​футболының түлегі «БИІК-Қазығұрт» сапында ойнаған.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или