Лионель Месси жаттығуға ертең оралады

Лионель Месси жаттығуға ертең оралады

«Барселонаның» аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси коронавирусқа сынама тапсырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ole басылымының мәліметінше, каталониялық клуб басшылығы аргентиналыққа үйіне медициналық топ жіберген. Егер тест нәтижесі теріс болса, шабуылшы жаттығуға 7 қыркүйек күні қосылады.

Еске сала кетелік, 33 жастағы Месси «Барселонамен» 2021 жылдың жазына дейін жасалған келісімшартты біржақты бұзуға тырысты. Алайда, клуб келісімді бұзудан бас тартты, сондықтан ойыншы командада қалуға шешім қабылдады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или