«Астана» жартылай қорғаушысы Армения құрамасы үздік сұрмергендерінің ондығына кірді
«Астана» ФК жартылай қорғаушы Тигран Барсегянның Армения құрамасы үздік сұрмергендерінің ондығына кіргені туралы хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz елордалық клубқа сілтеме жасап.
«Армения құрамасының Солтүстік Македонияға қақпасына жалғыз голын «Астана» жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян соқты.
Бұл Барсегянның ұлттық құрама жейдесіндегі 6-голы. Осы көрсеткіш бойынша Тигран Армен Озбилизді, Артур Саркисовты және Армен Шахгильдянды қуып жетті, олар қазір Армения құрамасының тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде 8-11 орындарға жайғасқан.
Рейтинг көшбасшылары - Генрих Мхитарян (29 гол), Юра Мовсисян (14) және Геворг Казарян (13)», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или