Беларусь құрамасы Алматыға ұшып келді
Беларусь футбол федерациясы ел құрамасының Алматыға жеткенін хабарлады, деп хабарлайды Prospors.kz.
Еске сала кетелік, Қазақстан мен Беларусь құрамалары Ұлттар лигасының екінші турында кездесу өткізеді.
Беларусь құрамасы 23 футболшы алып келген:
Қақпашы: Александр Гутор («Шахтер», Солигорск), Егор Хаткевич («Ислочь», Минск ауданы), Сергей Игнатович («Динамо-Брест»).
Қорғаушылар: Александр Мартынович («Краснодар», Ресей), Максим Бордачев («Торпедо-БелАЗ», Жодино), Александр Сачивко («Шахтер», Солигорск), Николай Золотов («Урал», Екатеринбург, Ресей), Максим Швецов («Динамо-Минск»), Никита Наумов («Жетісу», Талдықорған, Қазақстан), Роман Юзепчук («Динамо-Брест»), Алексей Легчилин («Неман», Гродно).
Жартылай қорғаушылар: Станислав Драгун, Игорь Стасевич, Павел Нехайчик, Евгений Яблонский (бәрі - БАТЭ, Борисов ойыншылары), Макс Эбонг («Астана», Қазақстан), Юрий Ковалев («Арсенал», Тула, Ресей), Иван Бахар («Динамо-Минск»), Дмитрий Подстрелов, Александр Селява (екеуі де - солигорскілік «Шахтер» ойыншылары), Андрей Хачатурян («Торпедо-БелАЗ», Жодино).
Шабуылшылар: Максим Скавыш (БАТЭ, Борисов), Виталий Лисакович («Локомотив», Мәскеу, Ресей).
<span>Еске сала кетелік, турнирдің бірінші матчында Қазақста құрамасы сырт алаңда Литвадан басым түссе (2:0) Беларуське қарсы матч 7 қыркүйек күні Алматыда өтеді.</span>