Әділбек Жақсыбеков: Қазақстан ұлттық құрамасы тапсырманы асыра орындады
Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділбек Жақсыбеков футбол қауымдастығын ұлттық құраманың жеңісімен құттықтады:
«Футбол жанкүйерлерін маңызды жеңіспен құттықтағым келеді. Әрі қарай турнир жолында сенімді арттыра түсетіні анық. Сырт алаңдағы үш ұпай - керемет нәтиже. Қазақстан ұлттық құрамасы тапсырманы асыра орындады.
Ұлттық құрама ұзақ уақыт бойы ойын тәжірибесінің жоқтығына қарамастан дұрыс жолда келе жатқанынын көрсетті. Қиын кезеңде қайыспас қайсарлық пен ынта-жігер алда тұрады. Ел үшін намысқа тырысқан футболшылар жарақаттарына қарамай аянбады.
Бүгінгі жеңіске футбол қауымдастығы - жанкүйерлер, мамандар және БАҚ өкілдері үлкен үлес қосты деп сенемін. Ұлттық құрама қолдаусыз қалмады.
Қазақстан құрамасына сәттілік, зор денсаулық және мол табыс тілеймін!»