«Астана» футболшысы Тигран Барсегян Армения құрамасы сапында гол соқты
Ұлттар лигасында топтық кезеңнің бірінші тур ойындары өтіп жатыр. Құрамында қазақстандық клубтардың үш футболшысы ойнайтын Армения ұлттық құрамасы Солтүстік Македониямен (1:2) сырт алаңда матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Армения құрамасының құрамына Қазақстан чемпионатының мына командаларында ойнайтын футболшылар кіреді: «Астана» жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян, «Шахтер» қақпашысы Давид Юрченко және «Тобылдың» футболшысы Арман Оганесян.
«Астана» жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян үзілістен кейін алаңға шығып, екінші таймды толық ойнап, пенальти сәтті орындап, командасының матчтағы жалғыз голының авторы атанды. 26 жастағы «Астана» жартылай қорғаушысы бүгінге дейін Армения құрамасында 29 матч өткізіп, 6 гол соқты.
Еске салайық, Армения құрамасы С лигасының екінші тобында Солтүстік Македониядан бөлек, Грузия мен Эстония құрамаларымен бірге ойнайды.