Исламбек Қуат: Маған сенім артқан бас бапкерге рахмет айтамын
Қазақстандық жартылай қорғаушы Исламбек Қуат Қазақстан футбол федерациясына берген сұхбатында Вильнюстегі Литва құрамасына қарсы УЕФА Ұлттар лигасының матчына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қуат 85-минутта команданың екінші голын соғып, матч нәтижесіне нүкте қойды.
«Біріншіден, мен бәрін жеңіспен құттықтағым келеді. Мені ұлттық құрамаға шақырып, сенім артқаны үшін бас бапкерге рахмет. Мен екі ай бойы ештеңе жасамадым, клубсыз болдым. Ұлттық құрамада барымды салып ойнаймын. Ойын тең өтті. Бірінші таймда жақсы ойнадық, ал екінші таймда олардың мүмкіндігі көп болды. Енді Беларусь командасына қарсы дайындалу керек» - деді Исламбек.
Қазақстан құрамасы сырт алаңда Литваны жеңіп, бірінші тур қорытындысы бойынша Албания құрамасымен бірге топта көш бастады.