Қазақстанға қарсы ойнайтын Литва құрамы

Қазақстанға қарсы ойнайтын Литва құрамы

Ұлттар лигасы аясында өтетін Қазақстанға қарсы шығатын Литва құрамы белгілі болды.

Қақпашы: Барткус ;

Қорғаушылар: Баравикас, Паленис, Гирдвайнис, Миколюнас

Жартылайқорғаушылар: Шимкус, Ласицкас, Воробьев, Сиргедас;

Шабуылшылар: Д. Казлаускас, Черных (к).

Матч Литва астанасы Вильнюс қаласындағы «LFF — Ветра» стадионында өтеді. 

С тобында бақ сынайтын қос құраманың ойынына <span>Раде Обренович</span><span> </span>бастаған словениялық қазылар тобы<span> </span>төрелік етеді.

Литва мен Қазақстан құрамасы бір-бірімен тек бір-ақ рет кездескен. 2014 жылы 5 наурызда өткен жолдастық матч 1:1 есебімен аяқталған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, С тобында Қазақстан құрамасы мен Литвадан бөлек, Албания және Беларусь құрамасы бақ сынайды.

Литва - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 21:50-де басталады. Ойынды QazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или