«Астана» - «Будучость» матчының өтетін орны ауысты

«Астана» - «Будучость» матчының өтетін орны ауысты

«Будучность» клубы Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Астанамен» болатын матчтың өтетін орнын ауыстыруға қол жеткізді. Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет өзінің Телеграм-арнасында хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

«Черногориялық клуб УЕФА-ға хат жолдап, онда Еуропа Лигасының матчын Қостанайда өткізудің өздеріне тиімсіз екенін дәлелдеген. Белгілі болғандай, қалалық әуежай 20: 00-ден кейін халықаралық рейстерді қабылдап, жібере алмайды. Ал қонақүйлер деңгейі черногориялықтардың көңілінен шықпаған.

«Астана» клубының басшылығы Алматы орталық стадионымен келіссөздер жүргізіп, нәтижесінде 17 қыркүйек күні командалар «Қайрат» стадионында ойнайтын болды, деп мәлімдеді журналист Айдын Қожахмет өзінің Telegram-арнасында.

Еске сала кетейік, елордалық клуб еуропалық жорығын Чемпиондар Лигасынан бастады және алғашқы матчта-ақ Бресттің «Динамосынан» 3: 6 есебімен жеңіліс тапты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или