Ұлттар лигасы: Литва - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы

Ұлттар лигасы: Литва - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы

Бүгін Ұлттар лигасы аясында Литва мен Қазақстан құрамалары кездеседі, деп жазады Prosports.kz.

Матч Литва астанасы Вильнюс қаласындағы «LFF — Ветра» стадионында өтеді. 

С тобында бақ сынайтын қос құраманың ойынына <span>Раде Обренович</span> бастаған словениялық қазылар тобы төрелік етеді.

Литва мен Қазақстан құрамасы бір-бірімен тек бір-ақ рет кездескен. 2014 жылы 5 наурызда өткен жолдастық матч 1:1 есебімен аяқталған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, С тобында Қазақстан құрамасы мен Литвадан бөлек, Албания және Беларусь құрамасы бақ сынайды.

Литва - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 21:50-де басталады. Ойынды QazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

<h4>Досмағамбетов: Тек жеңіс үшін ойнаймыз</h4> <h4>Қазақстан құрамасына шақырту алған футболшылар белгілі болды</h4> <h4>Литва - Қазақстан матчына төрешілер тағайындалды</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или