Қайрат Боранбаев: «Шетелден екі мықты ойыншы аламыз алдағы уақытта»

«Қайрат» футбол клубы бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев «PROСПОРТ» тілшісінің сұрақтарына жауап берді.

- Командадан шеттетілген бес ойыншының тағыдыры көпшілік қауымға қызық болып тұр.

- Биылғы жетістіктерге олардың қосқан үлесі зор әрине. Михаил Бакаев пен Заурбек Плиев клубта қалатын болды. Дмитрий Хомич ұжымнан өз еркімен кетті. Александр Кислицын мен Самат Смақов трансферге қойылды.

Алаңнын сыртында болып жатқан жайттар «Қайрат» футбол клубына қатысты болмау керек, осыны түсініңіз. Біз тәртіпсіздікке жол бермейміз. Егер футболшы «Қайраттың» жейдесін киіп шықса командаға жан-тәнімен беріліп ойнау керек.

- Эдигарян мен Михалик не үшін кетті клубтан?

- Бұл жігіттерге алғысым шексіз. Шетелдік ойыншыларды сатып алғанда біз белгілі бір мақсат қоямыз алдымызға. Олардың деңгейі қазақстандық ойыншылардан жоғары болу керек. Сондықтан келісім-шартты ұзартпай басқа ойыншыларды іздестіре бастадық.

- Плотниковтан басқа қандай ойыншылар қосылады қатарға?

- Ерекше атап өтер жайт, бізде өзімізден шыққан жас ойыншылар көп. Биыл дубльде ойнап чемпион атанған бірнеше жас жігіттер қосылады негізгі командаға. Плотниковпен үш ай бұрын келісім–шарт жасастық. Сондықтан шетелден екі мықты ойыншы аламыз алдағы уақытта. Сонымен қатар Сисей де жарақатынан толықтай жазылып алаңға шығуға дайын.

- Қазақстан Футбол Федерациясының президенті болуыңыз әбден мүмкін еді деген әңгімелер болды, осы рас па?

- Жоқ, шындыққа жанаспайтын әңгімелер бұл.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или