Михал Билек: Команданың көңіл-күйі жақсы
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек Литвамен болатын матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz Қазақстан футбол федерациясының сайтына сілтеме жасап.
- Қазақстан құрамасы биыл бірде-бір ойын өткізген жоқ. Футболшылар чемпионатта аз ойнады. Алайда, команданың көңіл-күйі жақсы. Ойыншылар жақсылап жаттығу жүргізді. Жақсы ойын көрсетеміз деп үміттенемін. Өткен маусымда Қазақстан құрамасы Бельгия, Шотландия және Ресейге лайықты қарсылық көрсетті. Сол ойындарды қайталау керек. Екі команда да жеңіске жетуді қалайды.
Естеріңізге сала кетейік, Литва - Қазақстан матчы бүгін 22:00-де өтеді.
Қазақстан ұлттық құрамасы Литваға аттанды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или