«Миланның» бұрынғы президенті коронавирус жұқтырды

«Миланның» бұрынғы президенті коронавирус жұқтырды

Италияның бұрынғы премьер-министрі, «Милан» футбол клубының бұрынғы президенті Сильвио Берлускони коронавирус жұқтырды, деп жазады Prosports.kz.

Ол қазір үйде оқшауланған, қашықтан жұмыс істеп жатыр. 83 жастағы кәсіпкерде ауру белгілері болмаған (симптомсыз).

Айта кетейік, Берлускони «Милан» футбол клубына 1986-2017 жылдар аралығында иелік етті. Осыдан кейін ол «Монца» клубын сатып алды. «Монца» өткен маусымның қорытындысы бойынша Италияның екінші дивизионына жолдама алды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или