«Қайсар» ойыншысы медициналық хаттаманы бұзғаны үшін жазаланды

«Қайсар» ойыншысы медициналық хаттаманы бұзғаны үшін жазаланды

Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-қадағалау комитеті «Қайсар» ойыншысы Думан Нәрзілдаевтың медициналық хаттаманы бұзуын күн тәртібінде қарастырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нәрзілдаев Орталық стадионның айналасындағы қоршаудан шығып кетіп, жанкүйерлермен суретке түскен. Сонымен бірге, ойыншының жанкүйерлердің де бетпердесі,  қолғаптары болмаған.

«Бейтаныс адамдармен суретке түсу кезінде маска мен қолғабы болмай, медициналық хаттаманы бұзғаны үшін ФК «Қайсар» ФК ойыншысы Думан Нәрзілдаев 40 АЕК көлемінде айыппұл төледі және келесі командалық матч қарсаңында COVID-19-ға арналған ПТР сынағының нәтижесін беруге міндетті» - деп жазылған ҚФФ сайтында.

Еске сала кетейік, Қазақстан чемпионаты қайта жанданды. Командалар Алматы қаласында ойнайп, жаттығады және сонда  тұрады. Клубтар өздерін сыртқы әлемнен оқшаулауға тиіс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или