Қазақстан (U21) - Черногория (U21) матчының тікелей трансляциясы

Қазақстан (U21) - Черногория (U21) матчының тікелей трансляциясы

Бүгін, 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы 2021 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы мен Черногория арасында матч өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Черногория жастарына қарсы өткен үш кездесуде қазақстандықтар бір рет жеңіске жетті (2:1 қонақта, 12/06/19), сондай-ақ тең ойнады және ұтылды (1:1, 1:5).

Осы іріктеу циклінде біздің футболшылар 2 рет жеңіске жетті (Черногория 2:1, Фарер аралдары 3:1), 1 мәрте тең ойнады (Солтүстік Македония 1:1) және бір рет қарсыласына есе жіберді (Испания 0:1). Турнирлік кестеде біздің команда 3 орынға жайғасқан (7 ұпай). Көшбасшы  испаниялықтар (13) және израильдіктер (8). Македонияда да 7 ұпай бар. Ал бүгінгі қарсыласымыз Черногория еншісінде  4 ұпай бар. Топ аутсайдері Фарер аралдары 3 ұпайға ие.

Еуропа чемпионатының іріктеу матчы Алматыда Орталық стадионда көрерменсіз өтеді.

QazSport телеарнасы Қазақстан - Черногория ойынының бірінші матчының тікелей эфирін Нұр-Сұлтан уақытымен 18:30-да көрсетеді. Екінші тайм ҚХЛ аясындағы «Динамо» Рига – «Барыс» матчының соңында, шамамен 22:30 басталады.

 

Фото: KFF.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или