«Реал» қақпашысы коронавирус жұқтырды
Мадридтік «Реалдың» бельгиялық қақпашысы Тибо Куртуа коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
DN басылымының хабарлауынша, қақпашы Бельгия құрамасы орналасқан жерінде сынақтан өткен. Куртуаның сынамасы оң нәтиже көрсетті. Жақын арада бельгиялықтың қан анализінің нәтижесі белгілі болады. Сол бойынша ойыншыға соңғы диагноз қойылады.
28 жастағы Куртуа 2018 жылдан бері «Реал» сапында ойнайды. Барлығы ол барлық турнирде корольдік сапында 78 матч өткізіп, қақпасына 80 гол жіберіп алды. Оның клубпен келісімшарты 2024 жылдың жазына дейін жасалған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или