Коутиньо «Бавариядан» кетті

Коутиньо «Бавариядан» кетті

«Бавария» клубы жартылай қорғаушы Филиппе Коутиньоның жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін кететінін растады, деп хабарлайды Prosports.kz «Чемпионат» сайтына сілтеме жасап.

Жақын арада 28 жастағы бразилиялық футболшы өзінің құқығы тиесілі «Барселонаға» қайтып оралады. Клубтар арасындағы жалдау келісімшартында ойыншыны 120 миллион еуроны сатып алу нұсқасы жазылған болатын, бірақ мюнхендіктер оны пайдаланбады.

Коутиньо Мюнхеннің «Бавариясы» сапында требл жасауға септігін тигізді, яғни клуб Германия чемпионы, Ұлттық кубок пен Чемпиондар Лигасының кубогын жеңіп алды. Негізгі Чемпиондар лигасының ½ финалында бавариялықтар «Барселонаны» 8:2 есебімен ойсырата жеңіп алды, ал қосалқы құрама ойынға шыққан Филипп екі гол соғып, нәтижелі пас та берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или