«Ювентус» Суареспен үш жылдық келісімшарт жасауға дайын
«Ювентус» «Барселонаның» шабуылшысы Луис Суареспен келісімшарт жасасуға дайын екенін мәлімдеді.
Туриндік команда 33 жастағы футболшыға үш жылдық келісімшарт ұсынған. Уругвайлық шабуылшы жылына 10 миллион еуро жалақы алады.
Келісімшарт бойынша «Барселона» футболшымен қоштасса, оған 14 миллион еуро төлеуі керек. Содан соң 33 жастағы форвард еркін агент атанып, өзіне жаңа клуб іздейді. Бұған дейін уругвайлық шабуылшыға «ПСЖ», «Ювентус», «Атлетико» және «Аякс» қызығушылық танытып отырғаны хабарланған.
Өткен маусымда Луис Суарес Ла Лигада 28 матч өткізіп, 26 гол мен 8 нәтижелі пастың авторы атанған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или