«Реал» ойыншысы «Эвертонға» ауысады
«Реал Мадрид» футбол клубының жартылай қорғаушысы Хамес Родригес мансабын «Эвертон» сапында жалғасыруы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.
<span>«Эвертон» колумбиялық футболшы үшін 25 млн еуро жұмсауға дайын. Англиялық команда ойыншыға 3 жылдық келісімшарт ұсынып отыр. </span>
Бұл трансферде <span>«Эвертон» клубының бас бапкері </span>Карло Анчелотти үлкен рөл атқарды. Италиялық маман бұған дейін Хамеспен екі рет бірге жұмыс істеген - <span>«Реалда» және «Баварияда».</span>
<span>28 жастағы Родригестің трансферлік құны жыл сайын төмендеп барады. Қазіргі таңда оның трансфер нарығындағы бағасы бар болғаны 20 млн еуро ғана. </span>
Айта кетейік, Хамес «Реалда» 2014 жылдан бері өнер көрсетеді. Ол осы маусымда бар болғаны 7 матчқа ғана қатысты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или