Қуат ұлттық құраманың ойындарынан кейін жаңа команда таңдайды
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы, қазір клубсыз жүрген Исламбек Қуат ұлттық құраманың ойындарынан кейін өзіне жаңа команда таңдайды, деп жазады Prosports.kz.
Бұл ақпаратты инсайдер Айдин Қожахмет хабарлады. Оның айтуынша, РПЛ-дің екі клубы 27 жастағы футболшыға айтарлықтай қызығушылық танытып отыр. Олар: «Химки» және «Тамбов». Исламбек қазірше таңдау жасауға асықпайды және Литвамен матчтан кейін шешім қабылдауға ниетті.
Сонымен қатар, қазақстандық ойыншыға «Химки» мен «Тамбовтан» өзге де үміткерлер бар. Бірақ Қуаттың өзі Ресей чемпионатында өнер көрсеткісі келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или