«Қайрат» Еуропа лигасының үшінші кезеңінде қай клубпен кездесуі мүмкін
Швейцарияның Ньон қаласында Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, оның нәтижесі бойынша алматылық "Қайраттың" ықтимал қарсыласы белгілі болды.
Егер "Қайрат" Еуропа лигасының үшінші айналымына шыға алса, онда Ресейдің "Ростов" командасымен кездеседі. Матч 24 қыркүйекте сырт алаңда өтеді.
Екінші айналымда, 17 қыркүйекте "Қайрат" хайфалық "Маккаби" (Израиль) - "Железничар" (Босния және Герцеговина) жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Естеріңізге сала кетейік, бірінші айналымда алматылықтар армениялық «Ноаны» жеңген болатын - 4:1.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или