Акмаль Бақтияров Черногория мен Израиль құрамасына қарсы ойнамайды
Жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындалып жатқан Қазақстан жастар құрамасының құрамында өзгерістер болды, деп жазады Prosports.kz.
<span>ҚФФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жастар құрамасының екі ойыншысы Черногория және Израиль құрамаларымен өтетін ойындарға қатыспайды.</span>
Атап айтқанда, қақпашы Данил Устименко мен шабуылшы Акмаль Бақтияров құрамаға көмектесе алмайды.
Қақпашы Данил Устименко УЕФА Ұлттар лигасының матчтарына қатысу үшін ұлттық құрамаға шақырылды.
Ал, Ақмаль Бақтияров жарақатына байланысты жиынға келе алмады.
Олардың орнына қызылордалық «Байқоңырдың» қақпашы Константин Пузанов пен «Арыс» командасының қорғаушысы Сағи Совет шақырылды.
Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде аясында 3 қыркүйек күні Черногорияны қабылдайды.
Ал, 8 қыркүйекте Алмас Құлшынбаевтың команласы сырт алаңда Израиль құрамасымен ойнайды.