ЕЛ үшінші іріктеу кезеңі: Жеребенің тікелей трансляциясы

ЕЛ үшінші іріктеу кезеңі: Жеребенің тікелей трансляциясы

Бүгін швейцариялық Ньонда Еуропа лигасы-2020/21 үшінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылады, деп жазады Prosports.kz

Естеріңізге сала кетейік, екінші турда «Астана» черногоиялық «Будучность» командасымен матч өткізеді. Астаналық клуб үшінші турдың жеребесінде чемпион жолындағы бірінші топқа түсті. Черногория командасын жеңген жағдайда, «Астана» мына командалардың бірімен кездеседі: «Целе» (Словения), «Шериф» (Молдавия), «Сараево» (Босния және Герцеговина).

«Қайрат» екінші айналымда «Маккаби Хайфа» (Израиль) – «Железничар» (Босния және Герцеговина) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ал үшінші турдағы алматылық клубтың ықтимал қарсыластары мыналар: «Бала Таун» (Уэльс) — «Стандард» (Бельгия) жұбының жеңімпазы; – «Ростов» (Ресей); – «Локомотив» Пловдив (Болгария) — «Тоттенхэм» (Англия) жұбының жеңімпазы. 

«Қайсар» екінші айналымда Кипрдің АПОЭЛ командасын жеңуі керек. Үшінші турдың ықтимал қарсыластары: «Нефтчи» - «Галатасарай», «ЦСКА-София» - «БАТЭ Борисов» кездесуінің жеңімпазы және «Виктория Пльзень». 

Жеребенің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады. Эфирді мына сілтемеден көруге болады.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или