Еуропа лигасы. «Астана» үшінші кезеңге өтсе кіммен ойнайды

Еуропа лигасы. «Астана» үшінші кезеңге өтсе кіммен ойнайды

Елорданың «Астанасы» Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде кіммен кездесуі мүмкін екені белгілі болды. 

«Астана» келесі кезеңге жолдама алса <span>«Целе» (Словения), «Шериф» (Молдавия), «Сараево» (Босния және Герцеговина) </span>командаларының бірімен кездесуі мүмкін.

Айта кетейік, күні кеше Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті. Жеребе тастау қорытындысы бойынша <span>«Астана» клубының қарсыласы болып черногоиялық «Будучность» командасымен кездеседі,</span>

Турнирдің екінші кезеңінде жеңімпаздар бір ойын нәтижесімен анықталады. Кездесулер жанкүйерлерсіз өтеді.

Барлық ойындар 17 қыркүйекте жоспарланған. Ережеге сәйкес егер ойынның негізгі уақытында жеңімпаз анықталмаса, қосымша таймдар және пенальти сериясын өткізу қарастырылған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или