Ұлттар лигасы. Қазақстан құрамасында өзгерістер болды
Қазақстан ұлттық құрамасының үш ойыншысы УЕФА Ұлтар Лигасындағы Литва және Беларусь құрамаларымен өтетін ойындарға қатыспайды.
УЕФА Ұлтар Лигасының алғашқы ойындарына қақпашы Игорь Шацкий, қорғаушы Дмитрий Шомко және шабуылшы Алексей Щёткин көмектесе алмайды.
Олардың орнына қосалқы тізімнен алматылық «Қайраттың» қақпашысы Данил Устименко, шымкенттік «Ордабасының» қорғаушысы Тимур Досмағамбетов пен шабуылшысы Сергей Хижниченко шақырылды.
Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын 4 қыркүйек күні сырт алаңда Литвамен өткізеді.
Ал, 7 қыркүйек күні Алматыда Беларусь құрамасын қабылдайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или