«Милан» Ибрагимовичпен келісімшарт мерзімін ұзартты

«Милан» Ибрагимовичпен келісімшарт мерзімін ұзартты

«Милан» клубы мен шабуылшы Златан Ибрагимович келісімшарт мерзімін ұзартты. Бұл туралы миландық клуб ресми хабарлады.

Жаңа келісімшарттың егжей-тегжейі туралы айтылмады. Бірақ БАҚ швед футболшысы «Милан» сапында 2020/2021 жылғы маусымының соңына дейін ойнайды деп сенеді.

Айта кетейік, Ибрагимович «Миланға» биыл қыста ауысып келген. Өткен маусымда Италия чемпионатында 16 матчқа қатысып, 7 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или